«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЖАДЫНДА

Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні неміс-фашист басқыншылары кеңес еліне тұтқиылдан шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысы басталған еді. 1418 күнге созылған сұрапыл соғысқа біздің өңірімізден 74 мыңнан астам сарбаз аттанса, оның жартысына жуығына жат жердің топырағы бұйырды.

От пен оқтың ортасында жүріп, Отан үшін жанын беріп, қанын төккен ардақтыларымызды еске түсіру үшін облыс әкімі Ерік Сұлтанов бастаған еңбек ұжымдарының, жастар ұйымдарының өкілдері, қала тұрғындары “Мәңгілік алау” мемориалдық кешенінің қасына жиналды.

Қолдарына алқызыл гүлдері бар теңіздей толқыған қауым зұлмат соғыста құрбан болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін “Мәңгілік алау” монументіне бет алған облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен қала әкімі Марат Тасмағанбетов, жиналған қауым гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ел болып лайықты атап өттік, қасық қаны қалғанша елін қорғаған боздақтар ұмытылмақ емес.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp