Есіл ауданындағы Явленка селосының екі тұрғынына өз үйлерінде иіс тиіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
26 жастағы ер адамға жедел медициналық көмек көрсетілгенен кейін үйіне жіберілді. Ал 22 жастағы әйелдің жағдайын ддәргерлер орташа деп бағалаған. Ерлі-зайыптылар пештің мұржасын ерте жауып тастап, уланған.
Жыл басынан бері Қызылжар өңірінде осындай 14 оқиға тіркеліп, иіс тиген 25 адамның денсаулығына зиян келген, 1 адам қаза тапқан.