«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРСІ ӘРЕКЕТ

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жол ақысын төлеуден бас тартқан жолаушыға әлімжеттік жасаған такси жүргізушісіне қатысты бейнежазба тараған болатын. Ол енді бұл әрекеті үшін заң алдында жауап береді.

Оқиға былай өрбіген. Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының 26 жастағы тұрғыны облыс орталығындағы таксопарктердің бірінде жүргізуші қызметін атқарып жүрген. Түнгі уақытта тиісті мекенжайына апарып салған жолаушыларының бірі жол ақысын төлеуден бас тартса керек. Көлік иесі кек алмақ ниетте жеке жолаушылар тасымалымен айналысатын басқа жүргізушінің көзінше әлгі жігітті жасыл дәрімен бетін жууға мәжбүрлеген.

Аталмыш факті бойынша такси жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің “Ұсақ бұзақылық”, ал оқиғаға қатысқан екінші тұлғаға “Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу” баптары бойынша іс қозғау үшін материалдар жиналды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp