«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІЛЕР БАСТАМАСЫ

Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясында еріктілер қозғалысының орталығы ашылды. Орталық әлеуметтік көмек, білім беру, спорт және медиаторлық бағыттар бойынша жұмыс істейді.

“Волонтер жылы” аясында ашылған орталықтың тұсаукесер салтанатында енді ғана ерікті болған жастарға арнайы куәліктер мен төсбелгілер табысталып, шеберлік сағаттары өткізілді.

– Әр бағыттың жетекшісі бар. Оларды дауыс беру арқылы таңдадық. Ерікті болғысы келетін кез келген адам қалаған бағытына тіркеліп, жетекшілерімен бірлесе жұмыс істейді, – дейді “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Мария Татаренко.
“Бірлік” бағытына жетекшілік ететін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті Юлия Сысоева әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, қорғансыз жандарға көмектесуді мақсат тұтып отыр. Бес жылдан бері ерікті болып жүрген ол көмекке мұқтаж азаматтарды іздестіріп, үйін жуып-жинап, ауласын тазалап беру ісін үйлестірмекші. Ал “Білім” бағытындағы жастар оқушылар арасында түрлі олимпиада, шеберлік сағаттары мен қосымша сабақтар ұйымдастырмақ. “Тәрбие” бағытында еріктілер өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға ынталандырып, қатарластарының бойында жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастырса, “Келісім” бағытының белсенді жастары қандай да бір мәселесін айта келген тұрғындарға ақыл-кеңес береді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp