«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

Шара барысында облыстық ассамблея жанындағы еріктілер қозғалысының орта­лығына 46 жас қабылданып, оларға арнайы күртешелер мен белгілер табысталды.
– “Волонтерлер жылының” аясында орталық бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың барлығы жастарды жан-жақты жетілдіруге, олардың бойында ізгі қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осындайда танымал спортшы Шерри Андерсонның: “Волонтерлер еңбекақыны пайдасы жоқтықтан емес, баға жетпейтін құнды болғандықтан алмайды”, – деген сөзі есіме түсіп отыр, – деген Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин осындай игі істерге бүгінгі жастардың қызығушылық таныта бастағаны қуанарлық жай екенін жеткізді.

Жиында Ресей халқы ассамблеясы жастарын үйлестіруші Ермек Хапизов сөз алып: “Бірлік пен келісімді сақтау аса маңызды. Бұл үшін қазіргі таңда барлық азаматтардың басын бір мақсатқа жұмылдырып, мемлекетаралық достықты сақтауға мүмкіндік бар”, – деді.
Үш сағатқа созылған оқыту семинарының барысында жастар ұжым болып жұмыс істеуді үйреніп, волонтерлік жұмыстың алғышарттарымен танысты. Шара соңында қатысушыларға сертификат пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Мария ТАТАРЕНКО,
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы құрылымдарымен жұмыс және қоғамдық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен “Мен волонтермін” оқыту семинары өңіріміздегі еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталды. “3d-Волонтер” жобасының аясында қолға алынған шараға Ресейдің Омбы қаласынан келген ерікті жастар да қатысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp