«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Булаево қаласының орталық стадионында аудандағы ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру құрылымдары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша дәстүрлі жарыс өтті.

Жарыстың салтанатты ашылуына СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Серік Ғайсин қатысып, ерікті өртсөндіруші құрылымдардың тілсіз жаумен күресудегі ерекше рөлін атап өтті. Сонымен бірге Серік Ғалымбекұлы аудан аумағында орын алған төтенше жағдайлармен күресуге қосып жатқан үлестері үшін “Булаев элеваторы” ЖШС-нің директоры Дулат Есембековке, “ЖНВ” ЖШС-нің директоры Максим Жигалов пен “Земля Возвышенки” ЖШС-нің директоры Оразғали Құдасбаевқа Алғыс хаттар табыс етті.

Жарысқа қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттерді шапшаң әрі тиянақты орындауға тырысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар кәсіби маман болмаса да, өртсөндірушінің күнделікті нормативтерін сапалы орындап, өзара ұйымшылдық таныта білді.

Жарыс қорытындысы бойынша “Булаев элеваторы” ЖШС командасы жеңімпаз атанды. Ал Қарақоғадан келген “ЖНВ” ЖШС мен Возвышенка ауылындағы “Земля Возвышенки” ЖШС ұжымдары 2-ші және 3-ші орындарды еншіледі.

(Өз тілшіміз).

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp