«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІК АСҚАРОВ

Ерік Мұхамедхафизұлы Асқаров 1959 жылғы 10 ақпанда облысымыздағы Булаев ауданының Ворошилов ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Алматы театр және көркемөнер институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған.

Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, “Жазушы” баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған, Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған. Республикалық және халықаралық айтыстарға қатысып, жүлделі орындар алған. Ол “Қарлығаш”, “Жетіген”, “Астана жұртын айналсам”, “Қазақстан ғасыры” атты жыр жинақтарының, “Біржан сал” пьесасының авторы. О. Бөкеевтің “Қар қызы” повесі және С. Сейфулиннің “Көкшетау” поэмасы бойынша көркем фильм түсірген. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығын алған. 2003 жылғы 1 шілдеде жол апатынан қаза тапты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp