“Құрғақ ерін” мәселесімен көп адамдар таныс. Бұл жағдай қыздар арасында да кездеседі.
Әсіресе, қыс айларында осы мәселе көп алаңдатады. Құрғақ тері қыс айында суыққа шыдамай, алдымен құрғап, содан кейін жарыла бастайды. Тілінген орындарға вирустар түседі.
Мұның барлығы тек эстетикалық қана емес, сонымен бірге моральдық және табиғи зиян алып келеді. Сонымен құрғақ ерінді қалай емдеуге болады? Оған төмендегі кеңестерді пайдалануға болады.
Ерін басқа терілер секілді күтімді қажет етеді. Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерніңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерніңізді суықтан, күн көзінен және желден қорғайды. Малдың майы да таптырмас ем болып есептеледі. Ерніңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз. Суық күндерде оның да пайдасы зор.
Бұл айтылғандар – ең басты деген кеңестер. Сондай-ақ, ерніңіз өзіне тән қызғылт түсін жоғалтпасын десеңіз, теріге жағымсыз әсер ететін факторлардан да қорғана біліңіз.