«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерұлан ҚАНАПИЯНОВ

Ерұлан Мұсаханұлы – сазгер, Қа­зақстан Сазгерлер одағының мүшесі. Ол 1958 жылы 15 желтоқсанда Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тамамдағаннан кейін оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 1990 жылдың басынан кәсіпкерлікпен шұғылданып, “Жиһаз” ашық акционерлік қоғамының президенті, “Алтын Тас” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген. Арал мәселесін насихаттаған “Тақыр” рок-опера балетінің жетекшісі болды. Оның 2001 жылы “Река времен” деп аталатын авторлық музыкалық альбомы жарық көрді. Жинаққа эстрадалық оркестрге арналған тоғыз музыкалық пьесасы, басқа да шығармалары енген. Қазір “Қазақстан – Австралия” қауымдастығының және “Алтын Адам” қорының президенті, “Приз традиций” халықаралық фестивалінің бас директоры қызметтерін атқарады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp