«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

 Ресейдің Қорғаныс министрлігі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында “Даңқты жол” атты жобаны жүзеге асыру үшін кешенді шараларды қолға алды. Бұл шараға қазақстандықтар да қатысады.

Ауқымды бағдарлама бойын­ша қан майданда жойқын жорықтарға қатысқан, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлер жайлы деректер бірыңғай электронды базаға жинақталатын болады. Сондай-ақ, айтулы датаға орай Мәскеу түбіндегі “Патриот” әскери-патриоттық демалыс саябағы аумағында 9 мамыр күні Отан үшін толарсақтан саз кешіп, жан берген боздақтар туралы естеліктер, жауын­герлер қабірінен алынған, топырақ салынған капсулалар қойылған бас ғибадатхана ашылады. Галереяға дейін жалпы ұзындығы 1418 метр жол тартылады. Оның сұм соғыстың осынша уақытқа созылғанын көз алдымызға елестететін, тұла бойды шымырлататын өзіндік символдық мәні бар. Саябақта Ұлы Отан соғысы қаһармандарының аты-жөндері жазылып, портреттері бейнеленген еңселі ескерткіш орнатылады.
Бірыңғай ақпараттық портал ашылмақ. Онда кеңес одағы аумағында қаза тапқан 33 миллион адам жайлы деректер топтастырылады. Кез келген солтүстікқазақстандық сайтқа кіріп, фашизммен күрескен туған-туыстарының фотоларын, жеке мәліметтерді жолдай алады.
Облыстық ардагерлер кеңесі жерлестерімізді портал жұмысына белсене қатысуға, отбасылық архивтерден тың деректер мен мәліметтерді сұрыптап жіберуге шақырады. С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың ақпараттық технологиялар бөлімі негізінде “Халық даңқы” порталы жұмыс істейді. Ол мына мекенжайда орналасқан: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25.
Байланыс телефондары: 46-18-53, 8- 705-626-12-02.
Облыстық ардагерлер кеңесі­нің телефондары: 46-37-56, 46-04-16.

Облыстық ардагерлер кеңесі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp