“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінен бізге хабарлағанындай, Петропавл қаласының тұрғындары 2014 жылғы 1 қазаннан бастап жылу қуатына жаңа жіктелген тарифтер бойынша төлем жасайтын болады. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің жылыту құны осы немесе басқа үйде жылу қуатын есептегіш құралдың орнатылғанына немесе орнатылмағанына байланысты шығарылады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы “Қуат үнемі және қуат тиімділігін арттыру туралы” Заңына сәйкес жылуға жіктелген тарифтер енгізу тұрғындарды жалпыүйлік жылу қуатын есептегіш құралдарын орнатуға ынталандыруды көздейді. Аталмыш бағытта “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің түсінік беру жұмыстарын көптен бері жүргізіп келе жатқанын айта кеткен жөн. Соңғы деректер бойынша қалада 288 көпқабатты үйге жалпыүйлік жылу қуатын есептегіш құралдары орнатылған, ал алда тағы 538 осындай есептегіш құралын орнату міндеті тұр. Есептегіш құралдарын орнатқандар жылу үшін айтарлықтай аз төлем жасайды.
2014 жылғы 1 қазаннан бастап жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар жылуға 30-40 пайыз артық төлейтін болады. Егер бүгінде шаршы метр жылу көлемі 87,41 теңге болса, енді қазаннан бастап 110-120 теңгенің төңірегінде төленеді. Есептегіш құралын орнатқандардың көпшілігі “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і 12 айға берген кейін есеп айырысу мүмкіндігін пайдаланды.
Республикалық бюджеттен жылу қуатын есептегіш құралдарын сатып алуға және орнатуға биыл 8 миллиард теңге бөлінсе, оның 193 миллион теңгесі Солтүстік Қазақстан облысының үлесінде.
“Қызылжар-Ақпарат”.