
Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф сыны аясында жергілікті “QULAGER” мен “ALMATY” арасындағы бесінші ойын сырт алаңда өтті.
Кездесуде жерлестеріміз 0:3 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Дегенмен, намысты қолдан бермеген петропавлдықтар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске жетті. Матчта біздің команда ойыншылары Денис Стасюк, Евгений Попитич, Алексей Грищенко мергендік танытса, овертаймда Федор Хорошев жеңіс шайбасын салды.
Сериядағы есеп – 2:3. Яғни, төрт жеңіске жеткен команда келесі кезеңге өтеді. Әзірге алматылықтар алда келеді.