«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

2018 жылғы 27 қараша күні сағат 11.00-де Қ.Сәтбаев көшесі, 37 мекенжайында орналасқан қалалық Мәдениет үйінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамил Фаткулович Камаловтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Кездесуде облыстық төтенше жағдайлар департаменті жұмысының қорытындысы, оның ішінде азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралады.

Осы іс-шараға қатысқысы келетін солтүстікқазақстандықтар тіркеуден өтіп, сұрақтары болса мәселелер бойынша мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 (7152) 52-26-41 (СҚО ТЖД штабы), 55-10-96 (СҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы). Есепті кездесу тақырыбы бойынша азаматтардың барлық өтініштері 26 қараша күні сағат 15.00-ге дейін қабылданады.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp