«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕП БЕРУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан Республикалары мен Ресей Федерациясы аумағынан (аумағына) тауар шығаруды (енгізуді) жүзеге асырғанда аумақтық статистика органдарына ай сайын орналасқан жері бойынша 1-КО “Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп” нысаны бойынша статистикалық есепті тапсыруы қажет.

Есепті заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар тапсырады. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дәйексіз деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Есеп бланкі www.stat.gov.kz сайты “Респонденттерге 2016 жылға арналған статистикалық нысандар” айдарында орналастырылған.

1-КО нысаны бойынша есепті қағаз түрінде, сондай-ақ, электронды түрде онлайн режімінде тапсыруға болады. Статистикалық есептілікті электронды түрде тапсыру бойынша нұсқаулық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің www.stat. gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Статистикалық есептерді электронды түрде онлайн режімінде тапсыру үшін “Электрондық үкімет” порталында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында қатысу үшін қолданылатын электронды сандық қолтаңба пайдаланылады.

Қажетті ақпараттар мен түсіндірулерді Мир көшесі, 83-үй, 108-кабинетте облыстық статистика департаментінен немесе орналасқан жері бойынша аумақтық статистика органдарынан алуға болады.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp