Қарасай стадионында кезекті футбол ойыны өтті. Бұл жолы жергілікті аяқдоп шеберлері өз алаңында Талғар қаласының “Ақ бұлақ” құрамасын қабылдады. 1:0 есебімен жеңіске жеткен жергілікті команда турнир кестесінің 6-шы сатысына жайғасты. Тартысты өткен ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады.
Назерке ТҰРСЫНОВА,
журналист.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Қонақтар бірден қарымта шабуылға көшіп, ұрымтал сәтті пайдаланып қалуға тырысты. Дегенмен, өткен ойындағы қателікті қайталамауға тырысқан жергілікті аяқдоп шеберлері өте сауатты ойнады. Нәтижесінде бірінші таймның 30-шы минутында алаң иелері жанкүйерлеріне алғашқы голын сыйлады. Қарсыластар қақпасының кілтін Давити Чагелишвили тапты.
Голдан кейін кеткен есені қайтаруға тырысқан талғарлықтар ереже бұзуға дейін барды. Бірақ есепті теңестіре алмады.
2-ші таймда қызылжарлық аяқдоп шеберлері есепті еселей түсуге тырысты. Ойыншыларды жиі алмастырған бапкердің бұл әрекетінен түк шықпады. Бірнеше рет ақбұлақтықтардың қақпасын шабуылдаған құрама қақпа саңылауын таба алмады. Ойынның негізгі уақытына қосылған 3 минуттың да қос команда үшін пайдасы болмады.