Кеше Петропавлда Қайсар Таштитовке ескерткіш тақта орнатылды.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстандағы жастар қозғалысының жалынды жетекшілерінің бірі болған Қайсар Таштитов – Қызылжар өңірінің тумасы. Петропавлда жастар арасында жұмыс жүргізген, Қазақстан коммунистік жастар одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған. Алайда сол кездегі көптеген зиялы қауым өкілдері сияқты ол да саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 33 жасында жазықсыз атылған. Ескерткіш тақта Орталық әмбебап дүкен ғимаратының қабырғасына орнатылды. Мұнда өткен ғасырдың басында комсомолдардың губерниялық комитеті орналасқан болатын.