“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 1 тамыз күні өңір аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кейбір жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Ал кей жерлерде қатты ыстық болып, ауа температурасы 36 градусқа жетуі мүмкін.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.