“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 23 қазан күні түнде оңтүстік-шығыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 метрге, ал 24 қазанда желдің екпіні секундына 15-20, күндізгі уақытта 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. 23-24 қазан күндері өңір аумағында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://sitv.ru сайтынан алынды.