
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 31 қазан күні шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына кей жерлерде 15-20, ал 1 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, күндіз 23-28 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. 31 қазан-1 қараша күндері облыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://runews24.ru сайтынан алынды.