
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 31 желтоқсан күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін ескертеді. Өңір аумағының басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://24.kz/ сайтынан алынды.