“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 29 ақпан күні кей жерлерде тұман түсіп, түнде көктайғақ күтілетінін ескертеді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
