
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 17 наурыз күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет https://liter.kz/ сайтынан алынды.