
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 21 қараша күні өңірімізде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Сурет: https://www.1obl.ru/