Бүгін «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері жылдағы дәстүрмен Ресей Федерациясына аттанады.
Петропавл теміржол вокзалында солтүстікқазақстандық топты салтанатты түрде шығарып салуға арналған шара өтеді.
Іздеу жасағы Новгород облысында сәуірдің 19-ы – мамырдың 10-ы аралығында өтетін халықаралық «Еске алу вахтасы» аясында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қанды ұрыстар өткен жерлерден майдангерлердің сүйектерін іздеп табу, бауырластар зиратына қайта жерлеу шараларына қатысады.