«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКІ ҮЙЛЕР СҮРІЛІП, ЖАҢАСЫ САЛЫНУДА

Облыс орталығында «Мемлекет мұқтажы үшін мүлікті иеліктен шығару мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қызметі» тақырыбында брифинг өтті.

Шара барысында Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Владислав Лукин аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
– Облыс орталығындағы жеке тұрғын үй секторларында ескірген баспаналар көп. Оны шаһарға кіре берістен-ақ байқауға болады. Бей-берекет орналасқан және моральдық жағынан да әбден тозған жер үйлер қаланың көркін бұзуда. Соңғы 3-4 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен ескі баспаналар сүріліп, орнына көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар «Жас өркен», Копай және «Береке» шағын аудандарында, Уәлиханов пен Мағжан Жұмабаев көшелерінің бойында жүргізілуде. Алдағы уақытта сол жер телімдерінде 70 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар тұрғызылатын болады, – дейді Владислав Геннадьевич.
Сондай-ақ, алдағы уақытта «Жас өркен» шағын ауданындағы Горький көшесінің бойында 404 пәтерлік, Парк және Әуезов көшелерінің қиылысында 288 пәтерлік үш көпқабатты үй бой көтереді. Ал Уәлиханов көшесінің бойында 7 бірдей үй тұрғызылады деп күтілуде. Сүрілген үйлердің саны жыл санап артуда. Егер 2016 жылдан бері жалпы 900-ден астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылса, оның 150-і өткен жылдың еншісінде. Жыл соңына дейін шаһардың әр шағын ауданында 10 көпқабатты тұрғын үй, спорт кешені және бірнеше саябақ салуға қажетті жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылмақшы. Сүрілген баспана иелеріне жаңа тұрғын үйден пәтер немесе өтемақы беріледі. Белгілі болғандай, жыл басынан бері 747 млн. теңгенің өтемақысы төленген.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp