«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрда балаларға арналған дәстүрлі Президенттік шыр­ша өтті. Оған өңірдің ең ақылды, белсенді әрі дарынды 200 оқушысы шақырту алды.

Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысының атынан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, оқуда та­быс, жаңа жетістіктер мен асқақ армандарының орындалуын тіледі.

Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кештің сәнін кіргізген өнерпаздар жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Прези­денттік шырша соңында балалар ән шырқап, би биледі. Жаңа жыл сыйлықсыз өткен бе, кішкентайларға тарту-таралғы үлестірілді.

Назым ЕСІМ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp