С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрда балаларға арналған дәстүрлі Президенттік шырша өтті. Оған өңірдің ең ақылды, белсенді әрі дарынды 200 оқушысы шақырту алды.
Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысының атынан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен асқақ армандарының орындалуын тіледі.
Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кештің сәнін кіргізген өнерпаздар жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Президенттік шырша соңында балалар ән шырқап, би биледі. Жаңа жыл сыйлықсыз өткен бе, кішкентайларға тарту-таралғы үлестірілді.
Назым ЕСІМ,
«Soltüstık Qazaqstan».