«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІКТЕРІН АЙҚАРА АШТЫ

Облысымызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық, қалалық және 13 аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұловтың айтуынша, қоғамдық қабылдауларда тұрғындарға сайлау заңнамасы мен тәртібі түсіндіріліп, сайлаушылардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмыс атқарылып, қабылдаулар мен кездесулер ұйым­дастырылмақ.

Наурыздың 26-сынан басталған қоғамдық қабылдаулар жұмысы 24 сәуірге дейін жалғасады. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау міндеті кандидаттың сенім білдірген адамдарына жүктелген. Ал қоғамдық қабылдауларды қаржыландыру кандидаттың сайлау қорындағы қаражат есебінен жүзеге асырылмақ.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp