«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛДІК САҚШЫЛАРДЫҢ ТӨРТ КҮНІ

Облыстың бас полицейі, генерал-майор Берік Біләловтің тапсырмасы бойынша өңіріміздегі әр аудан мен облыс орталығында кең көлемді алдын алу шарасы өткізілуде. Ауқымды рейдтен Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары да шет қалған жоқ. Оған жұмылдырылған тәртіп сақшыларының жалпы саны 80-ге жуық.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы қатыстырылған шара Явленка ауылында ғана емес, сонымен қатар аудан көлеміндегі 8 ауылдық округте де жүргізілді. Оның барысында полицейлер ауыр, аса ауыр қылмыстардың алдын алуға, мұндайға бейім адамдарды анықтап, оларды арнайы есепке қоюға баса назар аударды.  

Бұл ретте әкімшілік полиция мен төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп, аудан көлеміндегі 23 қолайсыз отбасының үйлерін аралады. Учаскелік инспекторлар олармен қоғамдық тәртіп жөнінде, ал “112” нөмірінің қызметкерлері болса өрт қауіпсіздігі шараларына қатысты түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Ал ауылдық округтерде тәртіп сақшылары мен ветеринарлық инспекторлар мал ұрлығы, аудан көлеміне заңсыз ет өткізу фактілеріне баса назар аударды.

Жол-патрульдік полициясы өкілдері “Мас жүргізуші – қылмыскер” атты облыстық жедел-алдын алу шарасы шеңберінде аудан көлеміндегі көлік қозғалыстарын бақылауға алды.

Төрт күндік шара барысында полицейлер жол ережесін бұзған 20 адамды және мас күйде көлік тізгініне отырған 2 жүргізушіні анықтады.

Кең көлемдегі алдын алу шарасының мақсаты құқықтық жағдай мен қоғамдық тәртіпті қадағалап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp