«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Есiл ауданының активіне жаңа аудан әкімі Алтынбек Абдоллаевты таныстырды.

– Бұған дейін ауданды басқарған Ербол Сағдиев өз өтінішімен қызметінен кетті. Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Есіл ауданы әкімінің қызметіне Алтынбек Абдоллаев тағайындалды. Алтынбек Тағайбекұлы –  мемлекеттік басқару ісінде тәжірибесі бар азамат, – деді Марат Иманбайұлы. 

Алтынбек Тағайбекұлы 1962 жылы Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында дүниеге келген. Алматы зооветеринариялық институтында, Алматы экономика және статистика академиясында ветеринар, экономист мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облысының Чистополье аудандық ветеринариялық станциясында ветеринар дәрігер болып бастаған. Әр жылдары “Чистопольский”, «Гаршинский» кеңшарларында бас ветеринар дәрігер, Чистополье аудандық ауыл шаруашылығы техникасы басқармасы директорының орынбасары болып қызмет етті. 1998-2004 жылдар аралығында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппарат басшысы болды. Сондай-ақ, Мамлют және Қызылжар аудандары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. 2009-2018 жылдар аралығында  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, ведомство басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. Осы тағайындауға дейін облыстық ветеринария басқармасын басқарды.

Жиын жайлы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp