Әдеп кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік органдардағы қызметтік тәртіпті нығайтуға қатысты сегіз мәселе қаралды.
Есіл ауданындағы жергілікті атқарушы органдар ұжымдардағы моральдық-психологиялық жағдайды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын қолға алған. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижесі бойынша басқа аудандардың әкімдіктерімен салыстырғанда, тәртіп бұзушылықтар көп тіркелген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде рейтинг те біршама жоғарылап, өткен жылдың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтеу нәтижесі көрсеткендей, аудан әлі соңғы, яғни 14 орында тұр.
Осы және өзге де мәселелер жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.