«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ СУЫ КӨТЕРІЛУДЕ

Облыс аумағындағы алдын алу жұмыстары жүргізілгенмен, Есіл өзенінің деңгейі артуда.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы мамандарының айтуынша, Шал ақын аудаындағы Сергеевка су қоймасындағы судың деңгейі бөгеттің жотасынан 162 сантиметрге асты. Нәтижесінде Есіл мен Қызылжар аудандарында өзен деңгейі көтерілуі тіркелді. Атап айтқанда, соңғы тәулікте Есіл ауданындағы Покровка маңында өзеннің суы 88 сантиметрге артып, алқаптарға жайылуда. Ал Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылының маңында өзен суының деңгейі 54 сантиметрге көтерілген. 

Кеше Петропавл гидроторабында судың деңгейі 37 сантиметрге көтерілді. Мамандардың айтуынша, су қоймасындағы қауіпті деңгей 1050 сантиметрді құрайды. Алайда, бүгінгі көрсеткіш 827 сантиметрге дейін жетті. Бұл көрсеткіш 940 сантиметрге жеткен жағдайда, Есіл өзені арнасынан шығып, алқаптарға жайылмақ. Сол кезде оның бойында орналасқан саяжайлар мен тұрғын үйлерге су кіріп, «Челябі-Новосібір» тас жолын шаюы мүмкін.
2017 жылы облыста көктемгі су тасқыны қиын жағдайда өткені белгілі. Сол жылы өзен суы Петропавл су қоймасының жотасынан 338 сантиметрге асып, төгілген болатын. 2018 жылы бұл көрсеткіш 168 сантиметрді құраса, былтырғы ең жоғары көрсеткіш 132 сантиметрге дейін жетті.

Сурет youtube.com сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp