«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІГЕ ЕЛТІГЕН 92 жүргізуші ұсталды

Жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында рейдтер оқтын-оқтын өткізіліп тұрады.

Осындай мақсатпен “Мас жүргізуші – қылмыскер” операциялары айына бір рет ұйымдастырылады. Мысалы, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелері бұзылған 24600 жайт анықталды. Қайталап айтылып жүрсе де, еске салу артық болмас, бұл оқиғалардың дені – көлік жүргізу үстінде ұялы телефонмен сөйлесу, көшеде көліктен қоқысты лақтырып кету, жарықты сөндіріп тастау, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ереже бұзушылықтар.

Ал ең қауіпті қылмыс – есірткіге бөгіп алған масаң жүргізушілердің көлікке мініп, көшелерге шығуы. Рейд барысында осындай қылмысқа бой ұрған 92 жүргізуші ұсталды. Соған қоса, бұрындары мас күйде көлік жүргізіп, сол үшін куәліктерінен айрылған, соған қарамастан, қайтадан жолға шыққан 48 адам қолға түсті.

Ал, жалпы алғанда, жыл басынан бері облыс аумағында 144 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның зардабынан 19 адам қаза тапса, 142 жолаушы жарақаттанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp