Тәртіп сақшыларын есірткіге еліткендердің жайы алаңдатып отыр. Тек жан-жақты жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында ғана күн сайын түрі де түсі де түрленетін есірткіні қабылдаушылар саны азайыпты.
Өткен жылы есірткіге тәуелділердің үлесі 13,2 пайызға, синтетикалық заттарға әуестердің арасында шектен тыс қабылдау фактісі 44 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, синтетикалық есірткі әзірлейтін 2 зертхананың жұмысы тоқтатылып, қауіпті затты таратқан 13 адам жауапкершілікке тартылды. Жалпы заңсыз айналымнан 390 кг түрлі есірткі заты мен 1 кг синтетикалық есірткі алынды.