Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде героин саудалаған 42 жастағы Петропавл қаласынының тұрғынын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті салмағы 5 граммнан асатын героинді сатып жатқан сәтте ұсталды. Тінту кезінде оның Жұмысшы кентіндегі баспанасынан 284 грамм героин, электронды таразы, бөліп сатуға арналған материал табылды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Есірткі саудагері уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сурет https://www.kt.kz/ сайтынан алынды.