
“Қызылжар” шекаралық бақылау бөлімшесі арқылы өтпек болған Ресей азаматының көлігінен есірткі заты табылды.
Шекарашылар Теміртау қаласынан шыққан “ВАЗ” автокөлігі иесінің қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, сасқалақтап тұрғанына мән беріп, бұл жайтты бөлімшенің бас бақылаушысына хабарлаған. Аға лейтенант Саят Жексембай қызметтік иттің көмегімен жіті тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Осылайша иісшіл ит нұсқаған жерден ішінде жасыл түсті заты бар үш орама табылды. Мамандар оның гашиш екенін анықтап, заң бұзушыны Қызылжар аудандық тәртіп сақшыларының қолына тапсырды.
Жыл басынан бері біздің бөлімше шекашылары көрші елге есірткі заттарын шығармақ болған он адамды ұстады.
Мақсат ОҢҒАРОВ,
“Қызылжар” шекаралық бақылау
бөлімшесі бастығының
орынбасары, аға лейтенант.
Сурет https://patrul.kz сайтынан алынды.