«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАҒАН БОЙЖЕТКЕН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

 

Петропавлда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған 18 жастағы қыз жазаланды. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ақпаратына сүйенсек, қаланың 18 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 10 күнге қамау түріндегі жаза белгіленген. Іс материалдарына қарағанда, қыркүйектің басында қыз Жұмысшылар кентіндегі ғимарат қабырғаларына қара маркермен түрлі жазулар жазған. Жазбаларда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарға сілтеме жасалған. Соттың шешімі заңды күшіне енді, қыз әкімшілік қамауға алынды.

 

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp