«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ САТЫП, БАЙЫМАҚ БОЛҒАН

Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлері “Есірткі сатты” деген күдікпен өңіріміздің екі тұрғынын ұстады. Олардан жалпы салмағы 70 грамм болатын героин тәркіленді. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі партиясы болып саналады.

Әйелдердің ешқайсысы да осыған дейін заң бұзбаған, есірткі қолданбаған, қылмыс жасағандарын толығымен мойындады. Олардың бірінің айтуына қарағанда, героин қайтыс болған нашақор інісінен қалған. Кейін оны ақша табу мақсатында сатпақ болыпты.

Жыл басынан бері Петропавл қаласының аумағында есірткімен байланысты 170 қылмыс жасалған. Оның 44 фактісі есірткі сатуға қатысты. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 290 килограмнан астам есірткі алынды, бір килограмы оның ең ауыр түрі – героин.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp