«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкен ұйымдастырды деген күдікпен 1989 және 1991 жылдары туған Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады.

 «Синтетикалық есірткімен күрестегі ең басты қиыншылық – жоғары технологиялық әдістерді қолдану, – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Таратушыны ешкім көрмейді, ол тек жабық электронды арналар арқылы байланысқа шығып тұрады. Алайда, жедел жұмыстың нәтижесінде аталған интернет-ресурстың жұмысын ұйымдастырған күдіктілер анықталды».
Күдіктілердің екеуі де 8 қаңтар күні ұсталды. Олардың жалдамалы пәтерінен сатуға дайындалған заттар: «тұз», «спайс», жазбалар, сим-карталар, смартфондар алынды. Сонымен қатар ішінде 250 грамға жуық синтетикалық есірткі бар орама анықталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынды.
Былтыр есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын 162 интернет-ресурсты анықтап, бұғаттады. Бұған қоса өңірімізде бір есірткі зертханасы анықталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp