
Биыл аудандарда бордақылау кешендеріндегі мал басын көбейту көзделуде. Жоғары сапалы ет өндіру үшін тек асыл тұқымды мал бағылатын болады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өнімді алдағы уақытта Ресей мен Қытай елдеріне экспорттау жоспарлануда.
— Былтыр өңір шаруалары 56 мың тонна ет өндірсе, оның 8,2 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілді. Облысымызда ет өнімдерін шығарумен айналысатын 12 кәсіпорынға шикізат қажет. Көрші елдерден де қара мал етіне сұраныс жоғары. Қазір Ресейдің Қорған облысының Куртамыш ауданымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, — дейді басқарма басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев.
Екі жаққа тиімді бағаға келісілген жағдайда көрші елдің Куртамыш ауданына жыл сайын 1,5 мың тонна ет жөнелтілетін болады.