Қазанның 2-сі күні Алматыда қазақ күресінен “Еуразия барысы” турнирі өтеді. Бұл туралы Универсиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті хабарлады.Турнир еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қаланың 1000 жылдығына арналады. Оған 8 елден 130 балуан қатысады, деп күтілуде.
“8 елдің ең мықты балуандары “Еуразия барысы” атану үшін сайысқа түседі. Алматы қаласының өзінің 1000 жылдық тойында осындай мәртебелі жарысты өткізетініне қуаныштымыз. Бұл “Алматы Аренада” өтетін ең бірінші халықаралық турнир болады”, – деді қалалық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Мақсат Қиқымов.