«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбегіне қарай өнбегі

Өңірімізде “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда.

Есепші, қаржыгер, заңгер, бағдарламашы және құрылысшы мамандарына деген сұраныс артқанымен, техникалық мамандықтарды игергендердің дені әр есікті тоздырып жүрген көрінеді. Осылайша, әуре-сарсаңға түскендердің 29 жасқа дейінгілерін Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары алты айлық ақылы тәжірибеге жіберуде.

Биылғы жылы аталған бағдарламаның шарапатын көрген 43 маманның бірі – Ақжол Темірғалиев. Жиырмадағы жігіт – қазір қалалық әкімдікте тұрғын үй-құрылыс инспекциясының қызметкері. Барлық тапсырманы тиянақты орындап, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ол осы жерде қалуды жоспарлап отыр.

Жыл соңына дейін тағы да алпыс шақты жас маманды тәжірибеге жіберу көзделген. Ол үшін “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы бюджеттен 34 млн. теңге қарастырылыпты.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp