«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕГІ ЕРЛЕРДЕН КЕМ ЕМЕС

Мөлдір Жанғазиева «Петропавл электротехникалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде трансформаторларға арналған оқшаулағыш материалдарды дайындаушы болып жұмыс істейді. Ол осыдан бес жыл бұрын Оңтүстіктен – солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша Петропавлға көшіп келіп, баспаналы болған.

Кейіпкерімізге облыс аумағындағы сорғы стансаларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын трансформаторларға негізгі бөлшектер әзірлеу міндеті жүктелген. Зауыттағы нәзік жандар екі ауысыммен жұмыс істейтін болса, Мөлдірдің жұмыс уақыты таңертеңгі 8-ден басталып, кешкі 17.00-де аяқталады. Ісіне жауапкершілікпен қарайтын үш перзенттің анасы «адал еңбек қана адамды абырой биігіне жетелейді» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған.

– Қыз-келіншектер уақытпен санаспай еңбек етуде. Оқшаулағыш материалдарды әзірлеу шапшаңдықты, ұқыптылықты қажет етеді. Құрылғының әрбір миллиметрі алдын ала өлшенуі тиіс. Дайын болған соң арнайы жабдықталған сөрелерге апарып қоямыз, жұмысшылар өздеріне қажеттісін таңдап алады. Зауытта біз секілді қарапайым еңбек адамдарына барлық жағдай жасалған. Еңбекақы уақытында төленеді, – дейді Мөлдір Жанғазиева.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp