Елімізде балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Оның негізгі бағыттарының бірі – мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру. “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығы басшылығының айтуынша, мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан аса әдебиет бар. Бірақ олардың 20-30 пайызы жарамсыз. Соған байланысты мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр.
Ең басты жаңалық – жоғары оқу орындарындағы кітапханашы мамандығын педагог-кітапханашы мамандығына алмастырып, бұл мамандардың айлығын көтеру қарастырылған.