«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКТЕРІ ЕСЕЛІ ЕКІ КӘСІПОРЫН

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Петропавл қаласындағы іргелі екі кәсіпорында болып, олардың тыныс-тіршілігі және қол жеткізген табыстарымен танысып қайтты. 

Журналистердің бірінші барған нысаны – мұнай мен газ құрал-жабдықтарының қосалқы тетіктерін шығаратын «Мұнаймаш» акционерлік қоғамы. Зауыт 1998 жылы құрылған. Өндіріс алаңы 9500 шаршы метрді алып жатыр. Индустриялық-инновациялық дамуға басымдық беретін кәсіпорын жылда техникалық жаңғыртулар жүргізеді. Биыл да бірнеше заманауи станок сатып алып, өндірістің қуаттылығын ұлғайту мүмкіндігіне ие болған. 2012 жылы зауыттың негізгі қорын жаңғырту жұмыстарына 200 млн. теңге инвестиция құйылған болатын. Кәсіпорын басшылығы бұл қаржыға жоғары өнімді 12 жабдық сатып алған болатын. Фрезер станогы мұнай-газ кешені және машина жасау саласына қажет жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Жаңғырту жұмыстары алдағы жылда да жалғастырылмақшы.

Зауыттың бас инженері Федор Дмитриевтің айтуынша, зауыт толық қуатында жұмыс істейді. Газ-мұнай саласына штангілік ұңғыма сорғылар шығаруға маманданған «Мұнаймаш» АҚ жылына 70 мыңнан астам әлемдік стандартқа сай тауар шығарады. Биыл 3 млрд. теңгенің өнімін шығарған.

– Мемлекет тарапынан қолдау жасалып келгенімен, сыртқы нарық көздерін тиімді пайдалану жолдарын қарастырудамыз. Мұнай-газ саласында өзіндік орны бар біздің зауыт отандық және шетелдік компаниялармен бірнеше миллиард теңгенің келісімшартын жасасты. Жыл аяғына дейін өнім шығаратын боламыз. Зауыт басшылығы жыл соңына дейін құбырларға термикалық өңдеу жұмысын жүргізетін цехты іске қосуды жоспарлауда. Былтыр жүзеге асырыла бастаған цехқа қажетті құрал-жабдықтар негізінен Ресей Федерациясынан жеткізілетін болады, – дейді Федор Дмитриев.

Зауытта еңбек ететін 148 адам үш ауысыммен жұмыс істейді. Олардың орташа айлық еңбекақысы 153 мың теңгені құрайды.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp