«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКТЕ ШЫҢДАЛҒАН ЕР

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері есімі облыс жұртшылығына жақсы танымал еңбек ардагері Мағауия Алазовты 80 жасқа толуымен құттықтады.

“Қариясы бар елдің қазынасы бар” дегендей, сіз осы өңірдің қазыналы ардагерісіз. Сіздің өміріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз жастарға үлгі-өнеге”, – деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов сексеннің сеңгіріне шығып отырған Мағауия Алазұлына зор денсаулық, отбасының амандығын тіледі және ардагерлер кеңесінің атынан Алғыс хат табыстады.

Мерейтой иесін құттықтаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Ларченко, еңбек ардагері Болат Мағазов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова да оның жастық шағы ел өміріндегі қиын кезеңмен тұспа-тұс келгенін, Мағауия Алазұлының қажымай-талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленгенін тілге тиек етті.

Бүгінде сегіз бала тәрбиелеп, 11 немере мен 2 шөбере сүйіп отырған Мағауия Алазов өзіне көрсетілген құрметке ерекше толқып, замандастарына алғысын жеткізді.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp