Жазасын өтеп жатқандардың арасында темірден түйін түйіп, ағаштан ою оятын шеберлер аз емес. Олардың еңбегі бүгінгі күні кәсіпкерлер тарапынан да сұранысқа ие. Облыс орталығындағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде өңіріміздің алты кәсіпкері өз ісін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – Ыбырай Салықов, бұған дейін көрші Ресей елінде ағаш өңдеумен айналысқан іскер азамат енді елімізде тұрмыстық бұйымдарды жасап шығаруда. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлердің қол астында 94 жазасын өтеуші еңбек етіп жүр. Олар алдымен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды көздейміз, дейді. Сонымен қатар, жазаға кесілгендер жұмыс арқылы уақытты тиімді өткізіп, аз да болса ақша табуға мүмкіндік жасалғанына риза.
Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ.