«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мәдениет үйiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне арналған “Тәуелсiз елдiң негiзiн қалаушы” атты салтанатты жиналыс өттi.

Аудан әкімі Владимир Дудов өңірдің әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi үлес қосып, қоғамдық өмiрге белсене араласқан азаматтарға облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасын және Алғыс хатын тапсырды. Осындай еңбегімен көзге түскендерге аудан әкiмiнiң Алғыс хаты да табыс етілді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы әскерге шақыру науқаны iс-шараларын орындау барысында Қазақстан Республикасының Президентi және Үкiметi алға қойған мiндеттердi iске асыруға қосқан үлесi үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас Штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары жөнiндегi департаментiнiң бастығы, генерал-майор Мүсілім Дайыровтың грамотасымен аудан әкiмiнiң орынбасары Алтыншаш Тайшабаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған iс-шаралар аясында “Менiң Отаным – Қазақстан” атты шығармалар байқауы ұйымдастырылған болатын. Мемлекеттiк тiлде жазған шығармалардың ішінде Рузаев орта мектебінің оқушысы Айман Әбдiмәжиттің туындысы бірінші орынға лайық болса, орыс тiлiндегi шығармалардың арасында Новоишимка орта мектебінің оқушысы Сағынай Еркіннің жұмысы үздік деп танылды.

Осы күні аудан орталығындағы мектептердің үздiк оқушылары “Жас ұлан” балалар-жасөспiрiмдер ұйымының мүшелігіне қабылданды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp