«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Ағайынды фермерлер ауылда кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның филиалынан алдымен 1,3 млн. теңге несие алған. Бұл қаржыға Тайынша ауданындағы “Алабота” асылтұқымды мал зауыты” ЖШС-ден 7 бас қазақтың ақбас сиыры мен бір бұқасын сатып алып, алғашқы қадамдарын етті бағыттағы асылтұқымды мал өсіруден бастаған екен.

Кәсіптері өрге жүзген олар жыл сайын істерін кеңейтіп, қорадағы мал санын көбейтуге бар күштерін салуда. Қазіргі таңда шаруа қожалығында бірнеше адам жұмыс істейді. Осыдан екі жыл бұрын “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 6 млн. теңгеге Павлодар қаласынан 11 жылқы, одан кейін Ерейментаудан 40 жабағы сатып әкелген.

Бүгінде шаруа қожалығында 100 қой, қырық шақты жылқы бар. Рақым Абылаев алдағы күндері ауыл тұрғындарына сапалы қымыз ұсынуды жоспарлап отыр.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕРДЕ: Рақым Абылаев баласымен бірге.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp