“Forbes” журналы әлемдегі ең бай футболшылардың рейтингісін жасады.
Рейтингте “Барселона” клубының шабуылшысы Лионель Месси көш бастап тұр. Оның жалпы табысы 126 миллион болса, айлығы – 92 миллион доллар. Бір жылда 117 миллион доллар табыс тапқан Криштиану Роналду екінші орынға жайғасты. “Ювентус” клубының сұрмергенінің жалақысы – 70 миллион доллар. Француз футболшысы, “Пари Сен-Жермен” клубының ойыншысы кіші Неймар үздік үштікті түйіндеді. Жалпы табысы 96 миллион болса, жалақысы – 78 миллион доллар. Төртінші орында оның әріптесі Килиан Мбаппе. 23 жастағы футболшы аталмыш кезеңде 42 миллион доллар табыс тапқан. Ал жалақысы 28 миллион долларды құрайды.
Тізімде бесінші орында “Ливерпуль” клубының өкілі Мохамед Салах үздік бестікті қорытындылады. Мысыр елінің тумасының табысы – 37 миллион, ал жалақысы – 24 миллион доллар.